​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) 2018 жылы 28 аудиторлық іс-шаралар (ҚР шет елдердегі мекемелерінде 25 және ҚР СІМ-нің құрылымдық бөлімшелерінде 3), оның ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 27 аудиторлық іс-шаралар, және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс 1 аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудитпен қамтылған бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы 40 877,20 млн. теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 105,35 млн. теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

- сомасы 221,34 млн. теңге қаржының бюджетке түсуі кезіндегі заңнаманы бұзушылықтары;

- сомасы 488,78 млн. теңге қаражаттарды ағымдағы шығындарға пайдалану кезіндегі, сомасы 31,09 млн. теңге күрделі жөндеу кезіндегі заңнамалар бұзушылықтары, сомасы 550,04 млн. теңге бухгалтерлік, бюджеттік есеп жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті құрастыру кезіндегі заңнамалар бұзушылықтары, сомасы 16,11 млн. теңге мемлекеттің активтерін пайдалану кезіндегі, сомасы 797,99 млн. теңге көлемінде басқа да бұзушылықтар.

Оның ішінде, 9,45 млн. теңге - республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома, 226,7 млн. теңге - бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 28 шешім жіберілді, оның ішінде 23 шешімдер орындалып, 5 шешімнің орындалу мерзімі 2019 жылығы І тоқсан.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджет кірісіне 9,45 млн. теңге өтеліп, 66,81 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді және қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қосылған : 29.01.2019, 12:05, Өзгертілген : 29.01.2019, 12:00