​Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Түркия Елшісін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 3 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұловтың Түркияның Қазақстандағы Елшісі Невзат Уяныкпен кездесуі өтті.

Кездесу Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглудың осы айдың соңғы декадасында жоспарланған Қазақстанға ресми сапары қарсаңында өтті. Дипломаттар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың негізгі аспектілері бойынша «сағаттарды теңестірді».

Әңгімелесу барысында тараптар 2009 жылғы қазанда қол қойылған Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт тармақтарының орындалуын талқылап, Қазақстан-Түркия қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық болып табылатыны атап өтті.

Министр Түркия Қазақстанның маңызды инвестициялық әріптесі болып қала беретінін, елімізге 3 млрд. АҚШ доллардан астам инвестиция салғанын және жаңа жұмыс орындарының санын артуына ықпал еткендігін атап өтті. Айта кетерлік жайт, еліміздің жас елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының көптеген маңызды нысандарын түрік құрылыс компаниялары салған болатын.

СІМ басшысы түрік бизнесмендерін тау-кен металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, агроөнеркәсіптік және инфрақұрылымдық салалар және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

Түрік дипломаты Транскаспий мультимодальдық тасымалдардың табысты дамуы туралы (2018 жылдың 6 айында тасымалдау көлемі 5% артып, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 561 мың тоннадан асты - 534 мың тонна), сондай-ақ Ақтау портында жүктерді өңдеу және ауыстырып тиеу жылдамдығын арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттілігі туралы атап өтті. Тараптар сондай-ақ порттық қызметтерді ұсынудың, кедендік рәсімдерді өткізудің және тарифтерді реттеудің оңайлатылған тетігін құру қажеттілігіне назар аударды. Екі мемлекеттің логистикалық ведомстволары мен кәсіпорындары арасында консультациялар өткізу туралы түсіністікке қол жеткізілді.

Түркия Қазақстанның сауда серіктестерінің алғашқы ондығына кіруде. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылы өсіп, 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тауар айналымын 5 млрд. АҚШ доллары белгісіне қол жеткізу мақсаты қойылған. Бүгінгі таңда елімізде түрік капиталының қатысуымен 1,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Түркия қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) мүшесі болып табылады. Оның басты мақсаты Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. ТМЫК 2009 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Мемлекет басшылары деңгейіндегі ТМЫК-ның кезекті 7-ші саммиті ағымдағы жылдың күзінде Әзербайжанда өтеді.

Қосылған : 4.05.2019, 16:45, Өзгертілген : 4.05.2019, 17:50