Қазақстан СІМ басшысы Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 25 маусым - Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар IV форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагий Очирбатпен кездесті.

Келіссөздер барысында Түркі ұрпақтарын қоса алғанда, көптеген халықтар үшін Алтай өңірінің тарихи құндылығы атап өтілді.

Тараптар сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін және екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, геологиялық және туристік салалардағы өзара іс-қимылды жандандыру перспективаларын талқылады.

Анықтама: Қазақстан тарапының мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 74,4 млн. Оның ішінде экспорт-72,5 млн. АҚШ долл., импорт - 1,9 млн. 2017 жылы өзара сауда 74,8 млн.

Қосылған : 26.06.2019, 10:05, Өзгертілген : 26.06.2019, 10:05