Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы ТМЫК Бас хатшысын қабылдады 

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 5 шілде – Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы 3 шілде күні Нұр-Сұлтанда өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) Экономика министрлері 9 отырысына қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген ТМЫК Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

Кездесу барысында Б. Атамқұлов ТМЫК Бас хатшысын іс-шараның табысты өтуімен құттықтады, оның қорытындысы ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, соның ішінде Кеңес құрамына кірмейтін өзге түркі елдерімен одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Министр үстіміздегі жылдың мамыр айында құрылған Бірлескен түркі сауда-өнеркәсіп палатасының (ТСӨП) әлеуетін нығайту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанның Ташкенттегі алдағы Түркі бизнес-форумының жұмысына белсенді қатысуға дайындығын атап өтті.

Кездесу барысында 2019 жылғы 15 қазанда Әзербайжанда өтетін ТМЫК 7-ші мерейтойлық саммитінің сапалы дайындығына ерекше назар аударып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған түркі ұйымдарының ынтымақтастығы реформаларының Тұжырымдамасын бекітуді жоспарлап отыр.

Б.Әміреев ТМЫК-тың ағымдағы жұмысын және көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлар туралы хабардар етті. ТМЫК Елбасының бастамасымен 2009 жылы құрылды. Қазіргі уақытта ТМЫК мүшелері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады.

2018 жылы ТМЫК 6-шы саммиті барысында Венгрия Кеңес жаныдағы бақылаушы мәртебесін алды. Ұйымның Штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан.

Қосылған : 5.07.2019, 11:00, Өзгертілген : 5.07.2019, 11:00