​Сыртқы істер министрлігінде «Жусан-2» операциясының нәтижесі туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 13 мамыр - Сыртқы істер министрлігінде «Жусан-2» операциясы нәтижесі бойынша баспасөз-конференциясы өтіп, оның барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және ҰКК Департамент бастығы Бақытбек Рақымбердиев сөз сөйледі.

Өз сөзінде Е.Ашықбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі бойынша және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың санкциясына сәйкес, ү.ж. 7-9 мамырда әскери қақтығыс болып жатқан аумақтардан 231 қазақстандық азаматты шығару мүмкін болғанын, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала бар екендігін хабарлады.

Бұл гуманитарлық операция, дағдарысқа ұшыраған елге және қарулы шиелініс аумақтарына алдап шығарылған біздің азаматтармызды құтқаруға бағытталғандығы баса айтылды. Жазықсыз балалардың бейбіт және қауіпсіздікте сүруге және дамуға мүмкіндік беру, Қазақстанның толық азаматтары болу мүмкіндігін беру маңыздылығы аталды.

Террористік іс-қимылдарға және заңсыз жауынгерлік әрекеттерге қатысқандарға қатысты, СІМ басшысының орынбасары олар жасаған қылмыстарға қатыстылығы дәлелденгенде ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болатындығын мәлімдеді.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2178 және 2396 қарарларына (шыққан елдерге қайтатын шетелдік террорист-жауынгерлер туралы) сәйкес өзінің халықаралық міндеттемелерін толық орындау жөніндегі кемелденген және ойланған ұстанымы, өзінің шет елдегі азаматтарына қолдау көрсеткен Қазақстанды жауапты мемлекет ретінде қарастыратын әріптестеріміз тарапынан оң бағаландығы аталды.

Бұл гуманитарлық операция Америка Құрама Штаттарының логистикалық қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл жобада Сирия демократиялық күштері де маңызды рөл атқарды.

СІМ және ҰҚК барлық жұмысты мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз үйлестіру арқылы жүргізді. Қазақстандықтардың бір бөлігі өздерінің төлқұжаттарын жоғалтқан, балалардың басым бөлігі бұдан бұрын ИГИЛ/ДАИШ бақылауындағы аумақта туылған. СІМ және шет елдердегі мекемелер операция барысында консулдық-құқықтық және логистикалық қолдау көрсетті.

Енді дерадикализациялау және реабилитациялау мәселелеріне ерекше көңіл бөле отырып, қайтып келген әйелдер мен балаларды бейімдеу және қайта әлеументтендіру кезеңі басталды.

Сирия аумағында екі жүзден астам қазақстандық азаматтар қалды. Олардың басым көпшілігі – мектепалды жаста. «Жусан» операциясы жалғасатын болады.

Қосылған : 13.05.2019, 20:00, Өзгертілген : 13.05.2019, 20:00