Гаагада Орталық Азиялық аймақтық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасы орнатуының 25-жылдығы аясында 26 қазанда Гаага қаласындағы «Клингендайл» халықаралық жетекші ғылыми–зерттеу орталығында Қазақстан Республикасының Елшілігінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиялық аймақтық өзара әрекеттесу» атты «дөңгелек үстелі» өтті.

Іс-шараға біліктілікті арттыру курстарының Орталық Азия елдері мен Монғолиялық дипломаттары, Нидерландтың Сыртқы істер министрлігінің, Өзбекстан Елшілігінің өкілдері және де халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Қазақстанның Елшісі Мағжан Ілиясовтың презентациясында экономикалық интеграция, көлік және логистика, су ресурсын басқару және өңірлік қауіпсіздік сұрақтары кеңінен қамтылды. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары өңірдегі интеграция процестеріндегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөлі туралы, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы соңғы жыл ішіндегі су ресурсын басқару, көлік, инвестициялық жобалар, энергетика және сауда саласындағы келісімдерге қол жеткізген екіжақты қарым-қатынастың жаңа сапалы кезеңі туралы хабардар болды.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы әріптестіктің жаңғыруы тұтастай өңірлік ынтымақтастыққа жаңа серпін тигізетіне үмітін жеткізді. Қатысушылардың пайымдауынша, Орталық Азия – өзара әрекеттесу және өркендеуге барлық шарттарға ие, өзін-өзі қамтамасыз ететін өңір.

«Клингендайл» институтының аға ғылыми зерттеушісі Тони ван дер Тогт Нидерланд экономикалық дамыған және қауіпсіз Орталық Азиялық өңіріне қызығушылық танытуда. Экономикалық интеграцияны күшейту бұл аймаққа шетелдік инвестицияларды тартудың сенімді негізі болып табылады деген көзқарасын жеткізді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары аясындағы Қазақстанның барлық Орталық Азиялық өңірдің мүдделерін білдіретін ескере отырып, Орталық Азиялық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіншіліктері туралы жан-жақты пікір алмасу өтті. Іс-шараның қатысушылары конструктивті саяси диалогты жалғастыру және өңірдегісауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажеттілігін атап өтті.

Қосылған : 30.10.2017, 19:05, Өзгертілген : 30.10.2017, 19:05