Қазақстан мен Франция халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Елші Ж.Ғалиев әріптесін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық және жаһандық деңгейдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасы ету мен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған халықаралық бастамалары жайлы ақпарат берді. Негізгі көңіл алдағы қаңтар айындағы еліміздің БҰҰ ҚК төрағалық етуіне бөлінді.

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінде тұрған барлық мәселелер, оның ішінде солтүстік корей, иран және сирия проблематикасы бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынына дайын екендерін қуаттады.

Француз әріптесіміз Қазақстанның бейбітшілік рөлін және ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері бойынша өзгермейтін Астана ұстанымын жоғары бағалады.

Дипломаттар Астана мен Париждің 2018 жылы 10-жылдығын атап өтетін Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзара пайдалы рухында тұрақты байланыста болуға келісті.

Қосылған : 26.12.2017, 16:20, Өзгертілген : 26.12.2017, 16:20