Мысыр Астанада өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жұмысына қатысады

Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Мысыр Мұнай бас коорпорациясының басшысы Абед Эзз әл-Регаль әл-Малләхимен кездесіп, оның 2018 жылы 1-3 қазанда Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті отырысына қатысуы мәселелерін талқылады.

Отырысқа аталмыш Кеңес Президенті Тор Фаерен, ДМК-ға мүше-елдер Ұлттық комитеттерінің басшылары, сондай-ақ 65 мемлекеттен келетін ірі халықаралық салалық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар өкілдері қатысады.

Кездесу барысында Мысыр корпорациясының басшысымен мұнай-газ саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары да қарастырылды. 2018 жылдың басынан бастап, Қазақстан алғаш рет Мысырға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауды бастады.

Қосылған : 5.09.2018, 13:00, Өзгертілген : 5.09.2018, 13:00