ЭКСПО-2017 мұрасы: шетелдік дипломатиялық корпусқа АХҚО-ның және Астана-Хаб халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің мүмкіндіктері таныстырылды

АСТАНА, 2018 жылғы 29 қараша – Шетелдік дипломатиялық корпусты «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы таныстыру және ақпараттандыру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірлесіп ұйымдастырған таныстырылымы өтті.

Таныстырылымды Қазақстанда тіркелген шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйым басшыларының алдында сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және АХҚО-ның Басқарушысы Қайрат Келімбетов ашты.

Қ. Әбдірахманов өзінің сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АХҚО-ны құруды бастамалау кезінен және ресми басталуына дейін небәрі үш жыл өткенін, АХҚО әкімшілігінің жемісті жұмысын атап өтті. Ол сонымен қатар шетелдік қонақтарды ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуді, АХҚО-ның халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ықпалдасуды орнатуды және көптеген басқаларды қамтитын АХҚО қалыптасуы мен дамуына қолдау бойынша Министрліктің шаралары туралы ақпараттандырды. Осы мақсаттарда СІМ мен АХҚО ү.ж. қазанда іс жүзіндегі қадамдарды қарастыратын бірлескен Жол картасын қабылдады, оларды іске асыру үшін Қазақстанның шетелдегі барлық дипломатиялық өкілдіктері жұмылдырылды.

Өз кезегінде Қ. Келімбетов сыртқы саяси ведомствоның АХҚО қалыптасуы кезеңінде көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді, қазақстандық дипломаттардың Орталықты дамытудағы елеулі рөлін атап өтті. Ол сонымен қатар кездесу қатысушыларын АХҚО ның ағымдағы істерінің жағдайы туралы, жақында АХҚО биржасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары мен ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын орналастырулар, сондай-ақ алдағы жоспарлары жөнінде ақпараттандырды.

Қонақтарға АХҚО қызметі туралы бейнеролик көрсетілді және іс-шараның әр қатысушысын Орталықтың мақсаттары мен міндеттері туралы кеңес берілген Орталық сарапшыларымен қонақтардың тікелей әңгімелесуі ұйымдастырылды және қатысушы шетелдік дипломаттармен тікелей жұмыс байланыстарын орнатты.

Аталған іс-шараны өткізу АХҚО-ның имиджін шетелде ілгерілету және оның әріптестерімен шетелде өзара ықпалдасуын күшейту тұрғысынан маңызды болды.

Сонымен қатар, сол күні шетелдік дипломатиялық корпус үшін Астана Хаб ғимаратында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Кожахметовтың басшылығымен Астана Хаб халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің таныстырылымы өтті.

Ж. Кожахметов қатысушыларды технопарктің мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның цифрлық трансформациясы туралы және саланың шетелдік ойыншыларымен әріптестігі үшін бар мүмкіндіктер туралы ақпараттандырды.

Технопарктің ерекшелігі – оның халықаралық ашықтығы. Хаб аумағында ағылшын құқығы қолданылады және қазақстандық және шетелдік қатысушылар үшін де жеңілдетілген салық режимі (ЖТС, КТС, ҚҚС және басқалар) заңнамалы түрде пысықталуда. Технопарктің шетелдік резиденттері үшін жеңілдетілген еңбек және визалық режимдер құрылуда.

Елордалық ІТ-технопаркі елімізде стартап мәдениетті және жоғары технологиялық жобаларды қолдау үшін құрылған. Astana Hub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі Қазақстанның инновациялар экожүйесін дамытудың өзегі болуы тиіс деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, шетелдік дипломаттар елдің цифрлық экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаумен айналысатын ЭКСПО негізінде ІТ-Университетінің орналасуы мен құрылуы жоспарланғаны туралы ақпараттандырылды.

Қосылған : 30.11.2018, 12:00, Өзгертілген : 30.11.2018, 12:00