БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкциялық комитеттерінің делегациясы Ауғанстанға іс-сапармен барды

АСТАНА, 2017 жылғы 2 қараша - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) ИГИЛ (ДАИШ), «Аль-Каида» және «Талибан» қозғалысы жөніндегі 1988комитеттерінің өкілдері Кабул қаласына (Ауғанстан) барды. Делегацияны аталған комитеттердің төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров басқарды.

27-31 қазан аралығында сапар жоғарыда аталған халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы санкцияларды жүзеге асыру және олардың тиімділігі туралы ақпарат алмасу және жағдаймен танысу мақсатында өткізілді.

БҰҰ ҚК комитеттерінің 1267 және 1988 санкциялар режимі лаңкестік құрылымдардың қызметіне байланысты жеке, заңды тұлғалар және ұйымдарға қатысты жол жүру, активтерге тыйым салу, сондай-ақ қару-жарақ эмбаргосына тыйым салуды көздейді.

Делегация Кабулға сапары барысында Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Гани, атқарушы биліктің басшысы Абдулла Абдулла, Әлемдік Жоғарғы Кеңестің төрағасы Мохаммад Халилимен сондай-ақ Ауғанстанның қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және терроризмді қаржыландыруға қарсы жауапты министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Ауғанстан басшылығы елдегі ағымдағы жағдай, ұлттық татуласу үдерісін дамыту, терроризммен күресу және бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі күштер туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ресми Кабул елдегі жағдайды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 және 1988 санкцияланған режимдерінің механизмдерін тиімді пайдалану арқылы бейбіт жолмен реттеуге ниет білдірді.

Президент А. Гани және Ауғанстан Ислам Республикасының басқа жоғары өкілдері тұрақтылықты нығайту үшін қауіпсіздік пен даму мәселелері арасындағы берік байланыс, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанға БҰҰ аясында аймақтың және бүкіл әлемнің мүдделеріне cәйкес Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаумен қатар, А. Гани Кабул мен Астана арасындағы екі жақты қатынастарды жоғары бағалады және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының бейбіт даму мәселелеріне көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

Қосылған : 2.11.2017, 00:00, Өзгертілген : 2.11.2017, 00:00