Еліміздің Германиядағы Елшісі Қазақстанның құрметті консулдарын «экономикалық дипломатияның» басымдықтарын Германияда алға жылжытуға белсенді түрде қатысуға шақырды

2019 жылғы 22 наурызда ҚР-дың Германиядағы Елшілігінде Қазақстанның Германиядағы құрметті консулдарымен еліміздің «экономикалық дипломатия» мәселелері бойынша бірлескен жұмыстардың басымдықтарын анықтау мен пікір алмасу аясында кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов құрметті консулдарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Елші қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміздің ағымдағы саяси және экономикалық бағыт пен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, экономикалық өсу мен Қазақстан экономикасын жаңғыртуға бағытталған міндеттерді сапалы түрде жүзеге асыру бойынша жұмыстардың жалғаса беретіндігін растады.

Қазақстандық дипломат неміс серіктестеріне ҚР мемлекеттік саясатының шетелдік инвестиция тарту мен экспортты алға жылжытудағы негізгі басымдықтар, оңтайлы инвестициялық климат құруға, инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіруге, мемлекет пен инвесторлар арасындағы ашық диалог пен қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы хабардар етті. Елші ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясының инвестициялық қарым-қатынас пен экспортты қолдау мәселелеріндегі қызметіне баса назар аударды.

Б.Нүсіпов екіжақты қарым-қатынастардың сапалы жаңа кезеңінің аясында ГФР-дағы ҚР Елшілігі құрметті консулдардың тиімді әрі мазмұнды жұмысын қолдайтындығын білдіріп, неміс бизнесін қызықтыратын басымды жобалар мен салалар бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыруды ұсынды.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты нығайту мен іскерлік серіктестерді тартудағы құрметті консулддардың маңызды рөлін айта келе, Елші кездесу қатысушыларын Экономикалық ынтымақтастық жол картасына сәйкес инвестиция тарту шақырды. Негізгі құндылығы жоғары қосылған құны бар тауарларды өндіретін қазақстандық-германдық бірлескен кәсіпорындар құру қажеттілігіне басты назар аударылды.

Өз кезегінде Доротея Халлер-Лайбле (Баден-Вюртемберг), Йоахим Энгельман (Саксония және Саксония-Анхальт), Иоганн Киллингер (Гамбург), Гюнтер Папенбург (Төменгі Саксония) сияқты ҚР-дың ГФР-дағы құрметті консулдары Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде қалыптасуы, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықаралық беделді мен Қазақстан-Германия қарым-қатынасын нығайтудағы тарихи рөлін жоғары бағалады.

Олар сондай-ақ өз жұмыстарының жетістіктерімен бөлісіп, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың перспективалы жобаларын алға тартуға қызығушылықтарын білдірді. Кездесу барысында ағымдағы жылы Елшілік пен Құрметті консулдықтардың өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды.

Кездесу соңында Елші Б.Нүсіпов, құрметті консулдар, Германия Бундестагының мүшелері және тағы басқа Германияның қоғам және саясат қайраткерлерінің мен іскер топтарының өкілдерінің қатысумен Елшілік ғимаратында экономика мен мәдениет жөніндегі Қазақстан-Германия құрылтай жиналысы өтті.

Қосылған : 22.03.2019, 18:00, Өзгертілген : 22.03.2019, 18:00