Иорданияның бизнес қауымдастығы үкіметаралық комиссияның бесінші отырысына қатысуға мүдделі

2019 жылғы 5 тамызда Амманда Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Айдарбек Тұматов Корольдіктің Сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма Төрағасы Наил Кабаритимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде осы жылдың қыркүйегінде Амманда жоспарланған үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы аясында иорданиялық іскерлік топтардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қосылған : 5.08.2019, 15:50, Өзгертілген : 5.08.2019, 15:50