Министрдің өмірбаяны

ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ ӘБДІРАХМАНОВ

1964 жылғы 21 сәуірде туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. Ағылшын тілін меңгерген.

2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2013 жылғы 26 қарашадан бастап 2016 жылғы 28 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі лауазымында қызмет атқарды.

2011-2013 жж. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты Өкілі.

2008-2011 жж. Қазақстан Республикасының Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі.

2007-2008 жж. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты Өкілі.

2006-2007 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2003-2006 жж. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001-2003 жж. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

1999-2001жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Вице-министрі

1998-1999 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екіжақты қатынастар департаментінің Директоры.

1994-1998 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының Басшысы – 4-ші департаменті Директорының Орынбасары.

1993-1994 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының Үшінші хатшысы, Екінші хатшысы, Бөлім меңгерушісі, Басшысының орынбасары.

1987-1993 жж Қазақ техникалық зерттеу институтының тарих пәнінің ұстазы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспиранты.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

Үйленген, екі баласы бар.

Қосылған : 24.07.2017, 11:30, Өзгертілген : 24.07.2017, 11:30