Бангкоктағы жарылыс туралы

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Бангкок қаласының туристік ауданында 2015 жылы 17 тамызда болған жарылыс нәтижесінде қаза болған мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары анықталған жоқ.

Таиланд құқық қорғау органдарының жарылыстың қайталану қаупінің сақталынуы туралы ескертуін назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына қаланың орталық аудандарына, адамдар көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес береді.

Қосылған : 18.08.2015, 11:26, Өзгертілген : 18.08.2015, 11:26