Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан ү.ж. 16 желтоқсанда Пәкістанның Пешавар қаласында орын алып, жүз қырықтан астам адамның өліміне себеп болған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды.

Пәкістан үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Бейкүнә балалар мен ұстаздардың өлімі жиіркендіреді және ерекше ызаны келтіреді. Бұл  - лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі болып табылады.

Қазақстан лаңкестіктің кез-келген сипаты мен көрінісін айптайды, осы құбылыспен дәйекті түрде күресу үшін әлем қауымдастығының бірлескен күш-жігерін қолдайды және жедел түрде халықаралық лаңкестікпен күрес бойынша жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдауға үндейді.

 

 

Қосылған : 17.12.2014, 11:01, Өзгертілген : 17.12.2014, 12:17