Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі «Р5+1» және Иранның келіссөздеріне қатысты мәлімдемесі

Қазақстан 2015 жылғы 2 сәуір күні Лоззанда Иран Ислам Республикасы (ИИР) мен Иран ядролық бағдарламасын реттеу жөніндегі халықаралық дәнекерлердің «алтылығы» қол жеткізген саяси рамалық келісімдерін қолдайды.

Біз ИИР ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдайды, халықаралық қауіпсіз\ядік жүйесін нығайтуға өз септігін тигізетін, саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдаймыз.

Қазақстан, таратпау режимін толық ұстанған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде, келіссөздер үдерісіне өзінің іс жүзінде үлесін қосты. Біздің тарап 2013 жылғы 25-26 ақпан және 5-6 сәуір аралығында келіссөздердің екі раундын өткізу мақсатында өз алаңын ұсынып, оның нәтижелері бойынша Иран мен халықаралық келіссөздер жүргізуші тобы арасында өзара сенім атмосферасын туғызуға және конструктивті үнқатысуды алға тартуға айтарлықтай үлес қосылды.

Қатысушы мемлекеттердің саяси ерігі сақталып, алдағы уақытта келісілген мерзім ішінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей келісімге қол жеткізуге кепілі болады деп сенеміз.

Қосылған : 3.04.2015, 14:15, Өзгертілген : 3.04.2015, 14:15