Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ауғанстандағы президенттік сайлаудың қорытындыларына қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Ауғанстандағы тәуелсіз Сайлау комиссиясының президенттік сайлау қорытындыларына сәйкес д-р Ашраф Ғани Ахмадзайдың Президент және д-р Абдулла Абдулла Атқарушы биліктің басшысы болғандығын ресми жариялауын құптайды. Өткен сайлау елдегі биліктің алғашқы рет бейбіт жолмен тапсыруын белгілеп, демократиялық бағытта дамып келе жатқан мемлекет ретінде тәуелсіз Ауғанстанның қалыптасу жолындағы маңызды кезең болып табылады.

Саяси және экономикалық сипаттағы қиыншылықтарға қарамастан Ауғанстан халқының ілгері жүру және тұрақты мемлекет және қоғам құру жөнінде шешіміне халықаралық қауымдастық елдерінің жалпы разылығына ортақпыз. Халықтың ел қауіпсіздігіне және көптеген ауғандықтардың өмірлеріне қауіп-қатерлерге қарамастан мемлекеттілікті қалпына келтіруге бағытталған талпынысын жоғары бағалаймыз. Ұлттық бірлік Үкіметі ауған халқының, Ауғанстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүргізуге берген мандатын тиімді қолданатына, сондай-ақ, ел Президенті мемлекетті бейбіт жолмен құру мен қоғамдық өрлеуді қолдайтын барлық ауғандықтардың мүдделеріне орай Конституцияның сақталуына кепіл болатына үміттіміз.

Қазақстан Республикасы Ауғанстандағы әртүрлі саяси күштер мен қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты келіссөз үдерісін құру әрі бітістіру мақсатында кең ұлттық диалог орнатуға бейбіт жағдайды қуаттайтын өз ұстанымын бірнеше рет растаған. Қазақстан Республикасы аймақтағы көрші және жауапты халықаралық әріптес ретінде бүкіл өңірдің ынтымақтастығы мен гүлденуі мақсатында Ауғанстанның достас және тұрақты дамып келе жатқан бейбіт сүйгіш мемлекет ретінде қалыптасуына мүдделі.

Қосылған : 22.09.2014, 20:39, Өзгертілген : 23.09.2014, 16:41