Азиялық инвесторлар Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 26 маусым - Сыртқы істер министрлігінде қазақстандық серіктестермен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі ірі жапон корпорацияларымен кездесу өтті.

Жапон компанияларының басшылары бизнес жүргізу шарттарын және Қазақстан өңірлерінің экономикалық мүмкіндіктерін зерделеді. Атап айтқанда, олар елордамыздан бөлек Алматы мен Атырау қалаларында болды. Біздің елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық қатынастардың әлеуетін жоғары бағалай отырып, жапон бизнесмендері Сыртқы істер министрлігімен шетелдік инвесторларды қолдау бойынша жемісті өзара іс-қимылға үміт білдірді.

Сонымен қатар, жапон тарапы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуге ниет білдіріп, тиісті қаражат бөлетіндігін жеткізді.

Жапониялық инвесторлар Атырау облысында өздерінің арматура өндіретін зауытын салуды жоспарлауда. Сапар барысында жапондықтар болашақ құрылысқа арналған алаңды қарап, индустриялық мұнай-химия технопаркінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, сол күні қытайлық Aiju корпорациясының өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш компания бірнеше жыл бойы Қытай нарығына елімізде шығарылатын өсімдік майы мен ұнды жеткізеді.

Қытай компаниясымен ынтымақтастық Қазақстан-Қытай әріптестігінің тұрақты серпінін қамтамасыз ету үшін жаңа драйвер болып табылатын индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде іске асырылуда.

Кездесу барысында азиялық инвесторлар инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы ырықтандыру бойынша жұмыспен таныстырылды. Шетелдік инвесторлармен бірлескен инвестициялар қағидаты бойынша әрекет ететін шикізаттық емес секторда ірі, серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылатын Қазақстандық тікелей инвестициялар қорының қызметі атап өтілді.

Жапония Шығыс Азиядағы Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. 2018 жылы елдер арасындағы сауда 2 млрд. долларға жетті, экспорт - 1,5 млрд., импорт - 497 млн. 2005 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан экономикасына жапондық инвестициялардың ағыны 5,8 млрд. долларды құрады, тек 2018 жылы Жапониядан келген инвестициялардың жалпы түсімі 403 млн. долларды құрады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жапондық капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жапондық инвесторлар химия өнеркәсібінде, машина жасауда, инфрақұрылымда, ауыл шаруашылығында және тау-кен металлургия саласында бірқатар жобаларды іске асырды, жоғары технологиялық өндірістер мен жұмыс орындарын құрды.

Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қалуда, оның Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 2018 жылы 15,7% (11,7 млрд оның ішінде 6,3 млрд. - қазақстандық экспорт және 5,4 млрд. - Қытайдан импорт).

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, Қытай Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар бойынша 4-ші орында тұр және тартылған қытай капиталының көлемі 2018 жылға дейін 15,6 млрд АҚШ. Негізінен ҚХР көлік және қоймалау, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және қаржы және сақтандыру қызметтері сияқты салаларға инвестиция құяды.

Қосылған : 26.06.2019, 20:00, Өзгертілген : 26.06.2019, 20:00