Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығы Джакартада талқыланды

ДЖАКАРТА, 2019 жылғы 15 шілде - Қазақстанның Индонезиядағы жаңа тағайындалған Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік және Орталық Азия департаментінің директоры Ферди Пиаймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ құқықтық базаны кеңейту мәселесін талқылады.

Д.Сарекенов Қазақстан Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азияда маңызды серіктес деп санайтынын, сондай-ақ жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Екі дипломат Қазақстан мен Индонезия арасындағы, әсіресе, сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың үлкен әлеуетін атап өтті және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге қызығушылық танытты.

Қосылған : 15.07.2019, 18:15, Өзгертілген : 15.07.2019, 19:15