Хабарландыру
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктері одақтарын (ассоцациялар) аккредиттеуден өткізетіні туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді өткізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыруға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына мекен-жайға: 010000, Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 31 үйі тапсырылады (жолданады).
Қосымша ақпаратты және анықтамаларды 8 (7172) 983-647 телефоны арқылы алуға болады.