АҚШ-та қаза тапқан ҚР азаматы Т.Бекшентаевқа қатысты ҚР СІМ Баспасөз хатшысының түсініктемесі

ҚР Сыртқы істер министрлігі ү.ж. 4 ақпанда АҚШ-тың Висконсин штатында көлік апатына ұшырап, қаза тапқан ҚР азаматы Тим Бекшентаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ішінде Т. Бекшентаев болған көлік бұрылыста жолдан шығып, бірнеше рет аударылып, ағашқа соғылған.

Марқұмның туысқандары оның мәйітін елге қайтару өтінішімен ҚР СІМ-не хабарласты. Бұл мәселеде Сыртқы істер министрлігі барынша көмек көрсететін болады. ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдығы көлік апатының мән-жайын анықтап, қайтыс болған азаматымыздың мәйітін Қазақстанға тасымалдау үшін тиісті құжаттар дайындауда.

Қосылған : 5.02.2015, 17:08, Өзгертілген : 5.02.2015, 17:08