Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажар үкіметаралық комиссиясының және Стратегиялық кеңестің тең төрағасы, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламентінің) Қазақстанмен достық тобының төрағасы Михай Варгамен кездесті.    

Кездесу барысында саясат, экономика және мәдениет салаларында екі ел арасындағы ынтымақтастың өзекті мәселелері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында осы жылы өткізу жоспарланып отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажар үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының күн тәртібі де талқыланды.   

Қосылған : 15.01.2020, 14:40, Өзгертілген : 15.01.2020, 18:40