Қазақстан мемлекеттік органдары халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың тиімділігін жоғарылату мақсатын қоюда

АСТАНА, 2019 жылғы 18 наурыз – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның 52-ші отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайту мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген еліміздің стратегиялық дамуының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

«Біздің мақсат - қарқынды бәсеңдетпеу және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың практикалық артықшылықтарын жетілдіру, жаһандық және өңірлік ұйымдардағы шешімдерді қабылдау үдерісінде Қазақстанның рөлін арттыру үшін белсенді бірлескен жұмысты жалғастыру. Бұл біздің елдің ең дамыған 30 мемлекеттердің қатарына кіру міндеттерінің тұрғысында өте маңызды», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

«Бұған жету үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында біздің еліміздің сыртқы экономикалық мүдделерін алға жылжыту мәселелеріне назар аудара отырып, ынтымақтастыққа деген көзқарастарды жүйелі қайта құрылымдауды жалғастыру қажет», - деп атап өтті Е.Ашықбаев.

Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы мүшелігінің тиімділігін талдауға ерекше көңіл бөлінді. ҚР Ішкі істер министрлігінің профильдік халықаралық құрылымдармен ықпалдастығы туралы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша, оның ішінде Газды экспорттаушы елдердің форумына қосылу, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азия бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңесшісі кеңсесін Қазақстанда орналастыру туралы шешімдер қаралды. Күн тәртібінің жеке бөлігі Қазақстанның Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына Монреаль хаттамасы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелеріне арналды.

Отырысытың нәтижесі бойынша мемлекеттік органдарға ынтымақтастықтың экономикалық жағынан нығайтуға, бизнес-климатты жетілдіруге, дамудың арнайы мәселелерін шешуде, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, электрондық коммерцияны дамытуда, шағын және орта бизнесті жаһандық саудаға интеграциялау және т.б. мәселелер бойынша өздері жетекшілік ететін халықаралық ұйымдардың, қорлардың және бағдарламалардың мүмкіндіктері мен әлеуетін белсенді пайдалануға кеңес берілді.

Қосылған : 18.03.2019, 19:00, Өзгертілген : 18.03.2019, 19:00