Қазақстан мен Үндістанның Қауіпсіздік Кеңесінің 3-ші Консультативтік отырысы Дели қаласында өтті

2019 жылғы 5 наурызда Дели қаласында Қазақстан мен Үндістанның Қауіпсіздік Кеңесінің 3-ші Консультативтік отырысы өтті. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Энергетика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мен Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері Қазақстан делегациясына кірді. Делегацияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары М.Шайхутдинов басқарды. Үнді делегацияны Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары - Үндістан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Панкай Саран басқарды.

Іс-шара барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, террористік қатерлерге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру, әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, энергетика, ғарыш, көлік және т.б. мәселелер талқыланды.

Кездесунің нәтижесі бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамытуға арналған жол картасы дайындалды.

Тараптар кездесудің жоғары нәтижелерін атап өтіп, ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Индия Қауіпсіздік кеңестерінің 4-ші отырысын Қазақстанда өткізу ниетін білдірді.

Қосылған : 8.03.2019, 23:05, Өзгертілген : 8.03.2019, 23:05