Қазақстандағы герман экономикасының 21-ші күні

2019 жылғы 4 қазанда Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен Герман экономикасының 21-ші күні өтті. Форумның ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау, ГФР-дің Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннер, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ульф Вокурка және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара аясында үш панельдік сессия өткізілді: «Қазақстан экономикасын трансформациялау», «Логистика және Жібек жолы» және «Инвестицияларды қорғау - заңды және салықтық негіздемелік шарттар». Аталған сессияларды ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов сөз сөйледі.

«Қазақстан экономикасын трансформациялау» панельдік сессиясы барысында ҚР экономикасының секторларын әртараптандыру және шикізаттық тәуелділіктен ауытқу, энергияның баламалы көздерін кеңейту, таяу болашақта бағыт перспективасына байланысты ҚР аумағында өндірісті дамыту мәселелері көтерілді. Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұртшылықты, іскер орталарды және қаржы институттарын хабардар ету жөнінде қабылданған белгілі бір қадамдары атап өтілді. 

Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті 170 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан негізгі үлесі - 100 млрд. доллар. Сонымен қатар, экономиканың түрлі секторларындағы стартаптарды жеткіліксіз қаржыландыруға, ҚР және жалпы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар ағынының болжамды төмендеуіне назар аударылды. Сарапшылар Қазақстанда «Гермес» сақтандыру компаниясының несие желісінің ашылуын оң бағалады.

«Логистика және Жібек жолы» панельді сессиясында сарапшылар ҚР аумағындағы соңғы өнімдердегі логистика құнының 25 пайыздық маржасын атап өтті, алайда әлемдік стандарт шамамен 11% бағаланып отыр. ҚР логистикасының тиімділік индексінің жақсаруына қарамастан (71-ші орын), ғылым, қоғамдық қауымдастықтар және мемлекеттік құрылымдардың тығыз өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ логистикалық сектордың дигитализациясын дамыту қажет. 

«Инвестицияларды қорғау – заңды және негіздемелік шарттар» сессиясында шетелдік инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды, оның ішінде шетелдік инвесторлар кеңесі, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес, ҚР Премьер-Министрі атынан инвестициялық омбудсмен институтын енгізу, АХҚО-да ағылшын құқығын пайдаланудың артықшылығы және туындаған дауларды шешудің заңды тетіктері. «Шет елдердегі мекемелер – Орталық – аймақтар» өзара іс-қимыл алгоритмін құру, тікелей инвестициялар қорын құру, визалық режимді ырықтандыру және «Kazakh Invest» тарапынан визалық мәселелерді шешуге қолдау көрсету, сондай-ақ кейстерді қорғау үшін бірлескен комитет (СІМ – «Kazakh Invest» - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) құру бойынша оң тәжірибе белгіленді. 

Өз кезегінде неміс компанияларының өкілдері Қазақстанда бизнес жүргізу кезінде мынадай мәселелерге назар аударды: салық төлеуден босату және кедендік жеңілдіктер беру, болашақта қызмет өңірін үшінші елдердің пайдасына ауыстыра алатын ұсақ және орта шетелдік инвесторлардың қызметіне назар аудармау. Бұл ретте инвесторға ағылшын құқығын пайдалану ауыр ауыртпалық түседі. Осыған байланысты, шетелдік инвесторларға қойылған мәселелерді шешу және мүдделі құрылымдармен кездесулер өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына бару ұсынылды.

Жалпы форум конструктивтік арнада өтті, екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыруға және әртүрлі деңгейдегі диалогты іздестіруге қызығушылық танытты.

Қосылған : 5.10.2019, 14:25, Өзгертілген : 5.10.2019, 14:25