2019 жылғы ҚР СІМ Ішкі аудит қызметі жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

         

         Ішкі аудит қызметі 2019 жылы 13 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 12 шет елдегі мекемесі мен Министрліктің 1 құрылымдық бөлімшесінің аудит сәйкестігіне тексеріс жүргізілді.

         Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 43 717,5 млн.теңгені құрды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1240,1 млн.теңге немесе жалпы қамту сомасынан 34,8% бұзушылық анықталды,оның ішінде:

  • 432,3 млн.теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде:

- ағымдағы шығыстар бойынша бұзушылықтар 5,9 млн. теңге;

- бухгалтерлік, бюджеттік есепті жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар – 426,4 млн. теңге.

  • Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 897,8 млн. теңге, оның ішінде:

- қажеттіліктерді жоспарлау кезінде заң нормаларының бұзылуы           408,2 млн. теңге;

  • тұрғын үй алаңы нормативінің сақталмауы 7,4 млн. теңге;
  • қаражатты тиімсіз пайдалану 294,9 млн. теңге;
  • өзгелері 97,3 млн. теңге.

Заңнама талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке есепке алу және өтеу бойынша қалпына келтіруге, көрсетуге 431,1 млн. теңге жатқызылды, оның ішінде:

- қалпына келтіру 425,5 млн. теңге;

өтеу 4,9 млн. теңге;

сәйкес келтіру 0,7 млн. теңге.

Есепті кезеңде аулиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 13 шешім жіберілді, оның ішінде толық көлемде 12 орындалды, бір объект бойынша орындау мерзімі келген жоқ.

Есепті кезеңде барлығы 430,9 млн.теңге өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде:

  • қалпына келтіру 425,5 млн.теңге;
  • өтеу 4,9 млн. теңге. 

  Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап есепте тұрған 2,2 млн.теңге сомасындағы берешек өтелді және бюджет кірісіне аударылды.

  Анықталған бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманың, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібінің бұзушылықтары, бюджеттік өтінімдерге есеп айырысуларды арттыру, сондай-ақ қаражатты тиімсіз пайдалану болып табылады.

  Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершлікке, дипломатиялық қызметтің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қосылған : 24.01.2020, 19:05, Өзгертілген : 24.01.2020, 19:05