Қазақстан ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының төрағасы болып сайланды

2019 ж. 16 қазан Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы атынан Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 ж. 8-11 маусымда Нұр-сұлтан қаласында өтетін ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясының төрағасы қызметіне бірауыздан сайланды. 

Тұрақты өкіл Жанар Айтжанова Қазақстан Үкіметі атынан ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге осындай маңызды іс-шараны өткізуге деген сенімі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан алдағы конференцияның субстантивтік қорытындыларын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға ниетін білдірді. 

Сондай-ақ, Қазақстан өкілі бүгінгі таңда көпжақты сауда жүйесі протекционизм және бір жақты сауда шаралары түріндегі бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болып отырғанын атап өтті, осыған байланысты ДСҰ-ға мүше мемлекеттерДСҰ-ны қазіргі заманғы әлемнің қажеттіліктері мен шақыруларына толық сәйкес келетін ұйым жасайтын шешімдерді ұжымдық әзірлеу жөніндегі диалогтың басымдығын белгілеуге шақырды.

Бұдан басқа, Тұрақты өкіл Айтжанова ұйымға жақында қосылған ДСҰ-ның мүшелері тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізуге қатысты, сондай-ақ ДСҰ келісімдеріне негізделген ережелер мен тәртіпке қатысты олардың міндеттемелерінің тереңдігі мен көлеміне байланысты көпжақты сауда жүйесінің шынайы жақтаушылары болып табылатынын мәлімдеген. Осыған байланысты Қазақстанның Тұрақты Өкілі ДСҰ-ның негізін қалаушы мүшелеріне бірыңғай бәсекелестік алаңды қамтамасыз ету мақсатында ұйымның жас мүшелерінің жолына түсуіне өтініш білдірді.

Қосылған : 16.10.2019, 19:20, Өзгертілген : 16.10.2019, 19:20