Қазақстанның туристтік мүмкіндіктері Санкт-Петербургте таныстырылды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ, 2019 жылғы 11 шілде - ҚР Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Санкт-Петербург қаласының жетекші 50 туроператорлар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстанның туристік әлеуетінің мүмкіндіктерімен таныстырды. Атап айтқанда, сонғы жылдары туризм индустриясының ең пайдалы салалары болып саналатын MICE және спорт туризмін ұйымдастырудың мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Жуаспаеваның Санкт-Петербург қаласының туризмді дамыту комитетінің өкілі А.Мацаринмен екі жақты кездесуі өтті. Кездесу барысында туризмді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Г. Жуаспаева Санкт-Петербург қаласының туризмді дамыту комитетінің басшылығына 2019 жылдың 18-20 қыркүйегі аралығында Нұр-Султан қаласында өтетін PATA Travel Mart халықаралық B2B көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Бұл, Ресейден келген туристік компаниялар үшін Азия саяхат нарығының өкілдерімен бетпе-бет кездесуге, өздерін білдіруге және іс-шараға тіркелген 250-ге жуық әлеуетті серіктестермен келісім-шарт жасасуға сирек мүмкіндік.

Тұсаукесердің соңында, «Qazaq Gourmet» мейрамханасының аспазшысы Артем Канцев молекулалық аспаздық форматында дәстүрлі тағамдардың гастрономиялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қосылған : 12.07.2019, 13:00, Өзгертілген : 12.07.2019, 13:00