Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті


БЕРН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.

Қосылған : 25.10.2019, 09:40, Өзгертілген : 25.10.2019, 09:40