Қазақстан Елшісі жұмыс сапармен Өзбекстанның аймақтарында болды

2019 жылғы 16-17 қазанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Навои және Бұхара облыстарында болды.

Навои облысында  Қазақстан Елшісі Орталық Азиядағы ең ірі логистиканың халықаралық интермодалдық орталығына, сондай-ақ облыс орталығының инфрақұрылым объектілеріне барды. Қазақ диаспорасының тұру жағдайларымен танысу мақсатында олардың жинақы орналасқан өңірлеріне, атап айтқанда облыстың Нұрата және Канимех аудандарына барып, қазақтың мемлекеттік қайраткері Әйтеке бидің жерленген мемориалдық кешеніне барып, диаспора активімен кездесті.

Навои облысының хокимі К.Тұрсыновпен кездесуде қазақстандық дипломат өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетімен танысып, алдағы Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығыныңII форумына дайындық барысын талқылады. Қазақстан Елшісі облыс басшылығына отандастардың мәдениетін, тұрмысын және тілін сақтау мен дамыту жөнінде жасалған жағдайлар үшін ерекше алғысын білдірді.

Бұқара облысын аралау барысында Д.Сатыбалды Облыс хокимі У.Барноевпен кездесу өткізіп,  сауда қатынастарын кеңейту перспективаларын талқылады. Өңір басшысы Бұқараның туристік әлеуетімен таныстырып, Қазақстанның құрылыс компанияларын қала инфрақұрылымын дамытуға қатысуға шақырды. 

Сауда-өнеркәсіп палатасында өткен кездесуде ұйымның басшысы В.Каххоров облыстың өндірістік және экспорттық әлеуетімен таныстырды. Д.Сатыбалды өз кезегінде кездесуге қатысушыларға Қазақстанда өндірісті жолға қоюға, атап айтқанда тұрмыстық химия тауарларын, тоқыма және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуге инвестиция салуды ұсынды. 

Аймақ бойынша сапарда «Бухоро-Агро» ЕЭА, «Bukhara Brilliant Silk» ЖШС, «Bukhara Сity» жобаларымен және облыстың туристік инфрақұрылымдарымен танысты.


Қосылған : 18.10.2019, 15:30, Өзгертілген : 18.10.2019, 15:30