Брюссельде Ұлы Абайдың әндері шырқалды

БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 11 қазан – Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігінде дарынды отандастарымыздың және қазақстандық өнер жұлдыздарының - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстарда көптеген марапаттарға иегері, опера және камералық әнші Азамат Желтырғузовтың және республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, пианист Әйгерім Матаеваның орындауында классикалық музыканың концерті өтті. 

Азамат Еуропалық жаратылыстану ғылымдары Академиясының (Ганновер) Құрметті академигі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қорының, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, ТМД «Дебют достастығы» Халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының профессоры болып табылады.

Әйгерім көптеген халықаралық конкурстарға, концерттер мен мастер-класстарға қатысты. «Болашақ» үкіметтік стипендиясын алып, ол Парижде музыкалық білімін жалғастырды. Бүгін Әйгерім Париждегі Скрябин атындағы консерваториясында фортепиано профессоры және Франциядағы «Қорқыт» қазақ мәдени орталығының төрағасы болып табылады. 

Қазақ және еуропалық композиторлардың фортепианолық және камералық музыкасының кең көрінісі ұсынылған ЕО институттарының, дипломатиялық корпустың, Бельгияның іскер топтарының өкілдері, қазақстандық студенттер мен елшіліктің қызметкерлері ұмытылмас концерттің тыңдармандары болды.

Қосылған : 14.10.2019, 16:35, Өзгертілген : 14.10.2019, 16:35