Амманда парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды


Ү.ж. 7 қазанда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания өкілдері палатасының төрағасы Атеф ат-Тараунамен кездесті. 

Кездесу барысында Спикер Атеф ат-Тараунаның өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапарының нәтижелері талқыланды.

Тараптар сауда, азаматтық авиация, ауыл шаруашылығы және білім саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын қарастырды.

Осы тұрғыда екі елдің іскер топтарының қатысуымен үстіміздегі жылдың аяғында Амманда жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті 5-ші отырысының маңыздылығы аса атап өтілді.


Қосылған : 7.10.2019, 16:00, Өзгертілген : 7.10.2019, 16:00