Қазақстан Елшісі Индонезия Ұлттық кітапханасының басшысымен кездесті

2019 жылғы 2 қазанда Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Республикасы Ұлттық кітапханасының басшысы Шариф Бандомен кездесті.

Кездесу барысында Ш. Бандо Елшіні Индонезия Президентіне тікелей бағынатын Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасының негізгі қызметтері туралы хабардар етті. Индонезия Ұлттық кітапханасының негізгі қызметтерінің бірі - бүкіл ел бойынша кітапханаларды дамыту (елде 164 мыңнан астам кітапхана бар).

Тараптар кітапхана ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде екі елдің ұлттық кітапханалары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, тәжірибе алмасу үшін өзара сапарларды ұйымдастыру, кітап көрмелеріне қатысу, Индонезия Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің бұрышын ашу мүмкіндіктерін талқылады. 

Қосылған : 2.10.2019, 19:05, Өзгертілген : 2.10.2019, 19:10