Қазақстан мен Үндістан өзара байланыстарды одан әрі нығайтуда

2020 жылғы 13 наурызда Қазақстан Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістанның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрінің орынбасары Викас Сваруппен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін және ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесу барысында үнді дипломаты Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар тығыз өзара әрекеттесуді жалғастыру туралы келісті.

Айта кететін жайт, В.Сваруп бірқатар бестселлерлердің авторы болып табылады, олардың бірінің сценарийі бойынша Үндістанда «Лашықтан шыққан миллионер» атты Оскарды алған фильм түсірілген болатын.

Қосылған : 13.03.2020, 18:40, Өзгертілген : 13.03.2020, 18:40