Бангкокта мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

13 наурызда Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Раушан Есбулатова Таиландтың Мәдениет министрі Иттипол Кунпломмен кездесті.

Кездесу барысында Елші мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы кезеңге арналған мәселелерін талқылап, ҚР Елшілігі 2018-2019 жылдары Қазақстанның би мен өнер ансамбльдерінің гастрольдерін, фотокөрмелер мен қазақстандық киноның көрсетілімдерін сияқты іс-шаралар өткізгені туралы Министрді хабардар етті.

Р. Есбулатова «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасымен ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Елшілік, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мен әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналғанТаиланд Корольдігі аумағында іс-шаралар өткізу жоспарлағанын хабарлады. 

Сұхбат барысында, Елші қазақстандық танымал әртістер мен атақты театр және музыкалық ұжымдар туралы әңгімеледі. 

Елші екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Таиландтың ұлттық дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік беретін бірлескен өзара іс-қимыл туралы бастамаларды атап өтті.

Өз кезегінде И. Кунплом Қазақстанның мәдениетімен танысқан үшін алғысын білдіріп, мәдени күнтізбе аясында Елшінің бастамаларымен ұсыныстарын қолдады.

Қосылған : 13.03.2020, 16:00, Өзгертілген : 13.03.2020, 16:10