Нұр-Сұлтанда Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 4 наурыз – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының кезекті 54-ші отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, әмбебап халықаралық шарттардың атқарушы органдарына және басқа да халықаралық органдарға міндетті мүшелік және ерікті жарналарын төлеу жоспарлары қарастырылып, бекітілді.

Сонымен қатар отырыста, еліміздің халықаралық ұйымдардағы мүшелігінің тиімділігі талқыланды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Сауда және интеграция  министрліктерінің тиісті халықаралық құрылымдармен өзара қарым-қатынастары туралы есептері ұсынылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру бойынша, соның ішінде халықаралық ұйымдардың сайланбалы және жарғылық органдарына Қазақстан азаматтарын ілгерілету бойынша ұсыныстар берілді.


Қосылған : 4.03.2020, 21:00, Өзгертілген : 4.03.2020, 21:00