Қазақстан мен ЕУРОБАК ынтымақтастықты нығайтуда


АЛМАТЫ, 2020 жылғы 20 ақпан - ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕУРОБАК) мүшелерінің жыл сайынғы жиналысына қатысты. Іс-шараның қонақтары ірі халықаралық және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ дипломатиялық қауымдастықтың өкілдері болды.

20 жылдық мерейтой құрметіне Қауымдастық өз серіктестеріне, атап айтқанда Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосына көпжылдық ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс хат тапсырды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар еліміздің инвестициялық ахуалын талқылап, сондай-ақ Қауымдастықтың өткен жылғы қызметінің нәтижелері туралы есептермен және 20 жыл ішіндегі негізгі жетістіктермен танысты.

ЕУРОБАК - Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастықты білдіретін коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық Қазақстанда жұмыс істейтін және инвестиция жасайтын Еуропалық Одақ компанияларының және Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясының бірлескен бастамасы бойынша құрылды.


Қосылған : 21.02.2020, 20:00, Өзгертілген : 21.02.2020, 20:00