Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясы туралы

2020 жылғы 17-21 ақпан аралығында Алматы Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Делегациялар Қазақстан Республикасының Қызылорда және Түркістан облыстарымен шектес Өзбекстан Республикасының Навои облысы шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Комиссия 2020 жылға арналған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Қосылған : 21.02.2020, 17:15, Өзгертілген : 21.02.2020, 17:15