Қазақстан мен Сербия жастар саясаты және спорт шеңберінде ынтымақтастықты жандандыруда



Қазақстан мен Сербия арасындағы жастар саясаты мен спорт саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Жастар және спорт Министрі Ваня Удовичичпен кездесті.

Кездесу барысында спорт саласындағы министрліктер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы нақты уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Жастар істері және спорт министрлігі  арасында қол қойылған жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде нақты іс-шаралар жоспарын дайындау және ынтымақтастықты кеңейту сұрақтары талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар жыл сайын өзара негізде жастар үшін жазғы демалыстар ұйымдастыру және кешенді спорттық турнирлер өткізу мүмкіндіктерін  қарастырды. 

Министр Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, оның ведомствосына қарасты барлық бағыттар бойынша серіктестікті ілгерілетуге барынша ықпалдасатынын мәлімдеді.


Қосылған : 21.02.2020, 14:50, Өзгертілген : 21.02.2020, 14:50