Сеулда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды



СЕУЛ, 2020 жылғы 11 ақпан - Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты.

Корей делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды.

Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

Қосылған : 11.02.2020, 15:20, Өзгертілген : 11.02.2020, 15:20