Қазақстан мен Литва өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ниетті


2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Литваның батысындағы Таураге қаласынажұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат қала және аудан мэрі Д.Каминскаспен, қаланың іскер топтарымен кездесіп, Литваның ең ірі сүт өңдеу зауыттарының бірі «Vilkyškių pieninė» және «FB PRODUCTION» паркет тақталарын шығаратын зауытты аралап шықты. 

Кездесулер аясында Таураге мен Қазақстанның өңірлері арасындағы ынтымақтастық туралы және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен «Қазақстан-Литва: ынтымақтастық перспективалары» бизнес-форумына қатысуы жөнінде келісімге қол жеткізілді (Алматы қ., 2-4 наурыз, 2020 ж.).

Қарқынды дамып келе жатқан және бизнес енгізу үшін ең оңтайлы жағдайларды жасауға бағытталған Таураге қаласы Литваның ең “жасыл” қаласы болу талпыныстармен де танымал. Қазірдің өзінде бұл қала балама көздерден 120 мегаватт электр қуатын алады, бұл қаланың тұтыну қажеттілігінен әлдеқайда көп.

Қосылған : 16.01.2020, 17:25, Өзгертілген : 16.01.2020, 17:25