Президенттік жастар кадр резервінің өкілдері ҚР Сыртқы істер министрімен кездесті



НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 15 қаңтар - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті.

Кездесуге Министрдің орынбасарлары, Жауапты хатшы, Инвестиция комитетінің және «KazakhInvest» ҰК» АҚ төрағалары қатысты.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы кездесуге қатысушыларды Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Президенттік жастар кадр резервіне өтуімен құттықтады.

М. Тілеуберді Министрліктің Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғаларды басқарушы лауазымдарға тағайындауға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Басшылық қызметке резервшілердің алғашқысы болып Министрліктің Жауапты хатшысы Әркен Өтенов тағайындалғанына назар аударды. Бұл тәжірибе ҚР СІМ аппаратында жаңа бос басшылық қызметтердің пайда болуына қарай жалғасатынын атап өтті. 

Кездесуге қатысқандар Қазақстан Республикасының сыртқы және инвестициялық саясатына қатысты сұрақтарды қозғады. Резервшілер Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілету бойынша өз ұсыныстары мен көзқарастарымен бөлісті.

Іс-шарадан кейін ведомствоның басшылығы резервшілермен түрлі бағыттар бойынша жеке кездесулер өткізді.

Қосылған : 16.01.2020, 12:35, Өзгертілген : 16.01.2020, 12:35