Қазақстан мен Малайзия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді»


2020 жылғы 10 қаңтарында Малайзияның әкімшілік орталығы Путраджая қаласында Елші Болат Иманбаевтың Малайзияның Сыртқы істер министрі Сайффудин Абдулламен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқыланды.

Б. Иманбаев сұхбаттасушыны Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының басты мазмұнымен, сондай-ақ Жолдау аясында жүзеге асырылып жатқан модернизациялық реформалармен таныстырды. Елші Нұр-Сұлтан Куала-Лумпурмен қарым-қатынасты «жан-жақты серіктестік» деңгейінде ілгерілетуге үлкен мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, Малайзия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Нұр-Сұлтан мен Куала-Лумпур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған кезеңде берік және сенімді өзара іс-қимыл орнатылғанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жоғары және ең жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды жандандыруға өзара қызығушылықтарын растады.

Дипломаттар екі ел қарым-қатынасының сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттарына  аса назар аудара отырып, көпжоспарлы өзара іс-қимылды тереңдетуге ұмтылысын атап өтті. Сұхбаттасушылар өзара тауар айналымының жыл сайынғы өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті. Мәселен, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналым өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес есеге өсіп, 600 млн. АҚШ долл. асты.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі секілді халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты.

Қосылған : 10.01.2020, 18:45, Өзгертілген : 10.01.2020, 18:45