Қазақстанның Сыртқы істер министрі Азия және Еуропа елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізді

МАДРИД, 2019 жылғы 16 желтоқсан - «Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесінің (СІМК) алаңында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Ирландия, Люксембург, Латвия, Индонезия, Польша, Венгрия, Болгария, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд және Словакия СІМ басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. 

Әріптестер Министр М. Тілеубердіні ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тіледі.


Қосылған : 17.12.2019, 13:40, Өзгертілген : 17.12.2019, 13:40