Үндістанда орын алған өртке байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі


Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде орын алған өрт салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық.

Қазақстан достас үнді халқының орны толмас қайғысына ортақтасады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз.


Қосылған : 9.12.2019, 16:55, Өзгертілген : 9.12.2019, 16:55