Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері екіжақты уағдаластықтарды іске асыру бойынша «сағаттарын теңестірді»


ТАШКЕНТ, 2019 жылғы 15 қараша – Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволар басшылары кездесуінің шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді.

Екі мемлекет СІМ басшылары Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ықпалдастықты, жоғары деңгейдегі алдағы кездесулер мен сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады.

Халықаралық саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, тараптар көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ықпалдастықты жандандыру ниетін растады.

Қосылған : 15.11.2019, 19:30, Өзгертілген : 15.11.2019, 19:30