Алматыда Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ТДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерілету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді

2019 жылғы 13-14 қарашада Алматы қаласында Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ОДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерлету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесе ұйымдастырылғын кездесу 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі шеңберінде қабылданған гендерлік теңдік саласындағы міндеттемелерді орындау үшін қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыру мақсатында үкіметтердің, БҰҰ жүйесінің, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған гендерлік мақсаттар мен күн тәртібінің көрсеткіштерін іске асыру жөніндегі ұлттық күш-жігерді қолдау мақсатында «Орталық Азия елдеріндегі орнықты дамудың гендерлік мақсаттарын ұлттандыруға жәрдемдесу» атты үш жылдық жобаны іске асырылғанын атап өтті.

Жоба гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтарын ілгерлетуге, өңірлік диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ОДМ-ның гендерлік теңдікті ілгерлетудегі іске асырылуын мониторингілеу үшін Орталық Азия елдеріндегі азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аудара отырып, ОДМ ұлттандыруға және оқшаулауға тұтас көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұлттық әріптестердің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция шеңберінде Е.Ашықбаев БҰҰ-Әйелдер Құрылымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Блерта Челамен кездесу өткізіп, «БҰҰ-Әйелдер»-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, гендерлік саясат саласындағы келешек жобаларды талқылады.

Қосылған : 15.11.2019, 19:00, Өзгертілген : 15.11.2019, 19:00