Мәскеу қаласында Қазақстан-Ресей консулдық консультациялары өтті

2019 жылғы 14-15 қарашада Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық консультациялардың кезекті раунды өтті.

Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжатқы және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.

Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады.

Қосылған : 15.11.2019, 14:50, Өзгертілген : 15.11.2019, 14:50