«Жусан» операциясына арнаған іс-шара туралы

5 қарашада Қазақстанның Женева қаласындағы Тұрақты өкілдігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен, «Жусан» операциясының нәтижелерінде Қазақстанға оралған азаматтардың, ең алдымен әйелдер мен балалардың азаматтық өмірге қайта бейімделу жұмыстарына арнаған іс- шара өткізді.

Іс-шара дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, Ресей, Иран, Түркия, Сирия, АҚШ, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, бірқатар ИЫҰ, ЕО, Латын Америка және халықаралық мемлекеттері мен құрылымдарының - ХҚКК, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі органдары, ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ХЕҰ үлкен қызығушылығын тудырды. Ресейдің тұрақты өкілдігі іс-шараның тең ұйымдастырушысы болды.

Іс-шара барысында «Жусан» операциясы туралы екі тақырыптық бейнефильмнің үзіндісі көрсетілді. Одан кейінгі талқылау аясында Тұрақты Өкіл Ж.Айтжанова Қазақстан бастамашы болған іс-шара БҰҰ Женева алаңында өткен  Сирияға   қатысты тарихи оқиғаларға сәйкес келгенін атап өтті. Атап айтқанда, Сирия конституциялық комитеті құрылды, оның жұмыс органы ел үшін жаңа конституцияның жобасын әзірлеуге кірісті. Сонымен қатар ол «Жусан» операциясының төрт кезеңінде Қазақстанға 595 азамат қайтарылғанын, оның ішінде 406 бала мен 156 әйел адамдар бар екенін айтты.

Әділет вице-министрі А.Ахметова қатысушыларға Әділет министрлігінде оралған балалардың туу туралы куәліктерін қалпына келтіру, оның ішінде 33 жетім баланың туыстық қатынастарын анықтау үшін ДНК тесті, сондай-ақ оралған азаматтарға қатысты әлеуметтік-құқықтық қолдау туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Білім министрлігінің өкілі Д.Жекебаев балаларға арналған арнайы білім беру және оңалту бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Ең қызығушылық тудырған баяндама, Сирияда үш жылдан астам уақыт өткізген және қарулы қақтығыс кезінде өмірдің барлық қиындықтарын басынан өткізген А.Саринаның баяндамасы болды. А.Сарина қақтығыс аймақтарынан оралған адамдарды толықтай сауықтыруға болатындығын атап өтті және Қазақстан мұны іс жүзінде дәлелдеп отырғанын баяндады. А.Сарина басқа елдерді қазақстандық тәжірибені пайдаланып, Сириядағы әйелдер мен балаларды отандарына қайтаруға шақырды. «Ақниет» оңалту орталығының өкілі А.Шауметов қатысушыларға оралған әйелдер мен балалармен жүргізілетін психологиялық және теологиялық жұмыстар туралы, сондай-ақ олардың әлеуметтік интеграциялануы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, өз баяндамасын толықтырды.

Талқылау барысында сөз сөйлеген Ресей, Беларусь, ЮНИСЕФ, ХЕҰ өкілдері Қазақстан жүргізіп жатқан жұмыстардың ерекше маңыздылығын атап өтті және қақтығыс аймақтарынан оралған әйелдер мен балаларды реинтеграция және қайта бейімдеу саласында тәжірибе алмасу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.

Іс-шара соңында Ж.Айтжанова Қазақстан осындай іс-шараны БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің келесі сессиясы шеңберінде БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес аясындағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Ф.Ни Аолейнмен бірлесіп, қақтығыс аймақтарынан оралған адамдарды қоғамға бейімдеу жасаған елдердің тәжірибесін зерделеуге арнап өткізетінін атап өтті.

Қосылған : 7.11.2019, 15:35, Өзгертілген : 7.11.2019, 15:35