Өткен бес айда ЖІӨ өсімінің оң динамикасы – 4% деңгейінде сақталды.

Оң трендтердің қатарында-инвестициялар көлемінің ұлғаюының оң серпіні, ЖІӨ-нің өсу қарқынынан озып келеді. Төрт айлық көрсеткішпен (6,7%) салыстырғанда қаржы ағыны 7,8%-ға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы мен құрылысқа салынған салымдар шамамен бір жарым есе өсті. Өнеркәсіп саласында қаржы құю 17,5%-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымы 28,7 млрд. долларға жетті. Экспорттың көлемі 18,5 млрд., импорт - 7,2 млрд. долларды құрады. Тиісінше, сауда балансының оң сальдосы 8,3 млрд. доллар деңгейінде қалыптасты.

Қосылған : 21.06.2019, 20:50, Өзгертілген : 21.06.2019, 20:50